Қазақстан Тәжікстанға 3 млн нан астам оқ дәрі жібереді

90
08.06.2021 12:29

Қазақстан Тәжікстан мемлекетіне 3 миллионнан астам оқ-дәрі жібереді. Еліміздің Қорғаныс министрлігі тиісті заң жобасын әзірледі. Бұл құжат Қазақстанның биылға жоспарланған халықаралық келісімдер аясында дайындалды. Оның Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы қақтығысқа қатысы жоқ. Жіберілетін оқ-дәрі шекара маңындағы дауларды шешу үшін пайдаланылмауы тиіс. Ресми Душанбемен еліміз 2015 жылы стратегиялық әріптестік жөніндегі келісімге қол қойған. Айта кетсем, 19 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Тәжікстанға барған еді. Онда екі ел Президентінің кездесуінде сауда-экономикалық қатынасты нығайту, инвестиция тарту, көлік-транзит мүмкіндігін арттыру жөнінде келісімге келген.