Елордалық зейнеткердің мойнындағы әшекейін жұлып әкетті

214
28.07.2022 04:42

Нұр-Сұлтанда қылмыскер 62 жастағы зейнеткердің мойнындағы әшекейін жұлып әкеткен. Қаскөй арам пиғылын іске асыру үшін қоғамдық көлікте егде әйелдің мойнындағы алтын алқасын көріп, соңынан еріп аңдыған.  Ұры сол күні  300 мың теңге тұратын алқаны ломбардқа 140 мың теңгеге өткізіп жібергені анықталды. Қазір күдікті қамауда отыр.