Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы он күн ішінде коронавирус дертімен 181 адам, оның ішінде өткен тәулікте 11 тұрғын тіркелген. Жағдайы ауыр науқастар әзірге жоқ. Жалпы облыс бойынша инфекциялық төсек-орын жабдықтарының санын қажет болған жағдайда 3 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ дәрі-дәрмектің тапшылығы болмас үшін екі айлық резервтік қор қарастырылған. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді. Еске сала кетсек, облысымыз Республика деңгейінде «жасыл» аймақта.
МАРАТ ПАШИМОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Төсек орындар бойынша төсек тартып, жан сақтау бөлімінде жатқан науқастар жоқ. Ауыр жағдайлар жоқ. Барлық жағдай орташа. Бар жоғы 35-ақ адам ем қабылдауда. Мына бірінші кезең, екінші кезеңді аяқтадық. Вакцина салу бойынша. Үшінші ревакцинация бойынша 84,4 пайыз. Жаман емес. Республикада алғашқы қатарда деп айтсақ болады. Тағы қосымша ревакцинация 4-ші кезеңінің бұйрығы шықты.
️