Түркістанда қоғамдық көлік баланы басып кетті. Жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жолдың жиегінде тұрған баланың сол жағына қарамай қарсы бетке өтпек болғаны көрінеді. Осы уақытта шағын автобус тежегішті басып үлгермей, жеткіншекті қағып түскен. Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қоғамдық көлік жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 2 бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
ГҮЛНАР ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ
« Тиісті тексеру жұмыстары кезінде анықталғаны яғни белгіленбеген жолдан жүгіріп өтпекші болған жасөспірімді «Мерседес Бенз 310» маркалы қоғамдық көлігі қағып кеткен. Салдарынан жасөспірім ауруханаға жеткізілген оған тиісті медициналық көмек те көрсетілген және ем қабылдағаннан кейін үйіне қайтарылған. Бүгінгі таңда оқиға бойынша тиісті сот медициналық сараптамалары тағайындалды»
️