Түркістанда нәрестелер өлім-жітімі 52% өскен

482
23.07.2022 09:57

Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 10% азайған. Бұл соңғы 5 айдағы көрсеткіш дейді денсаулық сақтау министрі. Ажар Ғинияттың айтуынша   жарты жыл ішінде қан айналым жүйесі ауруларымен сырқаттану деңгейінде 23% -ға төмендеген. Өкінішке орай өңір халқының 8 пайызы осы дерттен көз жұмған. Ал, жазатайым оқиғалардан, улану және жарақаттанудың өлім-жітімі 3,2% - ға азайды. Бір таңқаларлығы 6 айда аймақта ана өлім-жітімі тіркелмеген. Алайда, ағымдағы жыл басынан бері облыста нәрестелер өлім-жітімінің 52% - ға өсуі байқалады дейді еліміздің бас дәрігері. 

АЖАР ҒИНИЯТ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

«Өлім-жітімнің негізгі себептері - перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар, туа біткен ақаулар және жұқпалы аурулар болып табылады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар бастапқы буын жұмысын күшейтуге, инфрақұрылымды дамытуға, қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыруға, босандыру және балалар қызметі кадрларын толықтыруға және  оларды оқытуға бағытталған іс-шаралардың кешенді жоспарын қабылдауы және орын алып отырған жағдайға  толық талдау жүргізуі қажет».