Қазақ даласында тазы иттің екі тұқымы кең тараған. Жарғақ құлақ пен шашақ құлақтылардың өзі жер ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Яғни, оларды бір стандартпен бағалау текті иттің қабілетін шектеп, асылдандыруға кедергі. Ал, тазы итті ұстау мен тұқымын көбейтуге арналған заңның жоқтығы құмайдың құнын құлдыратып барады дейді саятшылар.
️