Түркістанда анимациялық фильмдердің саны артады

521
23.07.2022 09:23

Түркістан облысында балаларға арналып түсірілетін анимациялық фильмдердің саны артады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы «MIRAS» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында талқыланды. Сондай-ақ облыстағы тарихи-мәдени орындардың жай-күйі мен ескерткіштерді мемлекеттік тізімге енгізу мәселесі сөз болды. Кеңес мүшелері алдағы жоспарларымен бөлісіп, аталмыш мәселелерге байланысты өз ұсыныстарын білдірді.

 ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі отырыста анимациялық фильм түсіру бойынша мәселелер қарастырылды. Өткен жолы ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Нұртөре Жүсіптің сөз сөйлеген болатын. Ол жерде «балаларды біз кіммен және немен тәрбиелеп жатырмыз, тиктокпен тәрбиелеудеміз»,-деген болатын. Мына біздің Яссауидің тәлімін жүрген жолын түсіру керек деген тақырыпта анимациялық фильм түсірейік деген тақырыпта сөз қозғалды. Одан өге еліміздегі 34 тарихи ескерткіштерді дамытуға әрекет жасап жатырмыз.

 Бүгінде «Сақ» киностудиясы анимациялық фильмдер бойынша екі бірдей жаңа жоба ұсынып отыр. Алайда қаржы тапшылығына байланысты фильм түсіру жұмыстары тоқтаған. Ақша бөлінген жағдайда киностудия жобаны бастауға дайын екендерін айтады. Еске сала кетейік, осыған дейін «Оңтүстікфильм» мекемесі «Сақ» киностудиясымен бірлесе отырып, 2017-2019 жылдары «Түркістан», «Отырарды қорғау», «Оқсыз оқиғасы» атты анимациялық фильмдерді түсірген болатын.

 НУРИДДИН ПАТТЕЕВ – «САҚ» КИНОСТУДИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

Біздің ұсынып отырған жобамыз Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірі жайлы фильм болмақ. «Яссы құпиялары» туралы 10 сериялы анимациялық фильм түсіру жоспарлануда. Жалпы сюжеті Яссауи бабамыздың Ахмет деген бала болады. Соның бүкіл өмірі баяндалады. Және екінші жобамыз «100 аңыз» деген 5 сериялы анимациялық фильм болмақ. Мұнда Түркістанның бүкіл тарихы туралы 5 аңыз бар. Сол аңыздар бойынша фильм көрерменнің назарына ұсынылады.