Қазығұрт ауданы ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл

457
23.07.2022 09:15

Қарты бар елдің қазынасы бар. Бүгінде бұл қасиетті  сөздің қаймағы бұзылмаған. Сөзімізге Түркістан облысы Қазығұрт ауданының қариялары дәлел бола алады. Олар 35 жылдан бері аудандағы мәселелерді шешу жолында аянбай тер төгуде. Осы ретте, өңірдің қазыналы қарттары 35 жылдық мерейтойларында бас қосты. Мерейлі мереке туралы толығырақ тілші бейнематериалында. 

 Ардагерлер ұйымы осыдан 35 жыл бұрын құрылған. Содан бері ел игілі жолында еңбек етіп келеді. Ұйымның негізгі мақсаты қарт адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Сондай ақ, материалдық және моральдық тұрғыдан қолдау білдіру.  Қарттар қоғамдық мәселеден өзге, мемлекеттің саяси-қоғамдық өміріне де белсене араласып жүр. 

ТӨЛЕ АҒАБЕКОВ – СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ

Осы 35 жылдың ішінде қазақстанда, облысымызда, аудандарда үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Соның барлығы ардагерлердің тәрбиесінің арқасында жақсы жұмыстар жүріп жатыр. Қазығұрт ауданында ардагерлер кеңесінің жұмысы мықты. Жастарға мықты тәрбие беріп жүр. 

Ардагерлердің мерейлі мерекесіне аудан әкімі арнайы келді. Арман Абдуллаев аға буын өкілдерін олардың өңірдің ілгері жылжып дамуына үлес қосып жүрген жандарға өз алғысын жеткізді. Сондай ақ, қоғамда белсенділік танытып, азаматтық позиция биік бірқатар ардагерлерді «құрметті ардагер» куәлігімен марапаттады.