Доллар бағасы шарықтады

333
22.07.2022 11:21

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды Turkistan.tv Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2 теңгеге көтеріліп, 483,88 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 22 шілдедегі ресми бағамы - 482,04 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 482,91 теңге, сату - 487,31 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 481,16 теңгеден сатып алынып, 485,31 теңгеден сатылып жатыр.