Түркістан
EN

Ташкентте уланған балалар елге оралды

11
06.11.2026

Ташкентте өткен халықаралық футбол турнирі кезінде жаппай уланған қарағандылық жас спортшылар елге оралды. Осы жағдай болған күннен бастап  Қазақстанның Өзбекстандағы дипломатиялық өкілдігі жағдайды бақылауына алған. Балалардың ата-аналарымен, медициналық мекемелермен, екі елдің құзырлы органдарымен тұрақты байланыс орнатқан. Сонымен қатар, зардап шеккендерге консулдық және ұйымдастырушылық көмек көрсеткен. Жас футболшыларды медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласының өкілдері шығарып салды.