Түркістан
EN

Қазақстан президенті мен Иордания королі келіссөз жүргізді

11
06.11.2026

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Иордания Королі ІІ Абдалла бен Әл-Хусейннің Қазақстанға ресми сапары екі арасындағы берік достықты, өзара құрмет пен ынтымақтастықты көрсететінін атап өтті. Қазақстан өзара мүддеге сай барлық салада қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыруға баса мән беретініне тоқталды. Сонымен қатар академиялық және ғылыми байланыстарды нығайту,  туристер ағынын арттыру арқылы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің де әлеуеті зор, - дейді ел президенті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Король II Абдалланы Қазақстанның жақын досы санайтынын айтып, мейманға екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Al-Farabi орденін табыстады. Ал, Король II Абдалла Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары мемлекеттік наградасы – al-Hussain ibn Ali орденімен марапаттады.