Түркістан
EN

Криптовалютаны заңсыз айырбастаған

11
06.11.2026

Қызылорда облысында криптовалютаны заңсыз айырбастаған топ мүшелері сотталды. Тергеу барысында олардың қомақты қаржыны саудалағаны анықталды.  Пысықайлар 1 млрд теңгеден астам сомаға цифрлық активтер сатқан. Заңсыз айырбастан түскен табыс 178 млн теңге көлемінде. Ол аздай, сотты болғандардың бірі есірткі сатудан түскен ақшаны да заңдастырыпты. Қаражатты қабылдап алып, өзге шоттарға аудару үшін дропперлерді тартқан. Бөгде адамдардың есепшоттары арқылы 600 млн теңгеден аса ақшаны аударып үлгерген.

ЕРЖАН ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ 

Түскен ақша криптовалютаға айырбасталып, есірткі саудагерлерінің криптоәмияндарына жіберілген. Тергеу анықтаған мұндай аударымдардың жалпы көлемі 277 мың USDT-ге жеткен. Сотталғандар қылмыстық жолмен тапқан ақшасына жүк көліктері мен тіркемелер сатып алып, оларды жақын туыстарының атына тіркеген. Кейін бұл көліктерді кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып, заңды тұлғаларға жалға берген. Сот үкімімен олардың біріне үш жыл, екіншісіне екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы. тағайындалды.