Түркістан
EN

Түркістандық жас ғалым АҚШ та бақ сынады

13
06.11.2026

16 жастағы түркістандық оқушы АҚШ-та өткен халықаралық жас ғалымдар байқауында ел намысын қорғады. Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алатын - Алтынай Өтетілеу атмосфераның жай-күйін зерттеуге арналған зымыран құрастырған. Өнертапқыштың жобасы шетелдік сарапшылардың назарына ілікті.

Алтынай Өтетілеу – АҚШ-та өткен ISEF халықаралық ғылыми байқауына Түркістаннан қатысқан алғашқы оқушы. Ғарышқа бала кезінен қызығатын өнертапқыш 500 метр биіктікке дейін көтеріліп, атмосфера туралы дерек жинайтын зымыран жасап шығарған. 

АЛТЫНАЙ ӨТЕТІЛЕУ ОҚУШЫ 

Қазіргі таңда экология өте ластанып жатыр. Сондықтан бізге қазіргі таңдағы атмосфералық деректерді алу маңызды. Біз білетін су тасқыны біздің елде, әлемде үлкен катастрофа. Осыны алдын алу үшін деректерді енгізетін веб сайт жасап шығару болды, ал екінші аэроғарыш ғылымын жас өнертапқыштарға қолжетімді ету болды.