Қоғамның кемтар жандарға өзгеше көзқараспен қарайтыны жасырын емес. Алайда олар “мүгедекпін” деп мемлекетке алақан жайып отырған жоқ. Өз әрекеттерін жасап, отбасына кіріс кіргізуде. Солардың бірімен тілшіміз Шынар Әділханқызы тілдесіп қайтты.
Дастан Орынбасаров 1 топ мүгедегі. 32 жасында тағдырдың тауқыметімен арбаға таңылған. Қарағанды облысында шахтада үстінен 500 келілік тас құлапты. Содан екі омыртқасы сынған.
ДАСТАН ОРЫНБАСАРОВ, 1 - ТОП МҮГЕДЕГІ:
- Өзім жеке бизнес ашып тірілк істейін десем мүмкіндік жоқ. 3 бала шағамды асырауым керек. Әйелім жұмыс істемейді. Қараушыға алады.
Дастан 2007 жылдан бері арбаны өзіне серік еткен. Содан бері тағдыр тәлкегіне көнуден басқа амал қалмаған. Бірақ, арбаға таңылдым, осымен өмір бітті деп санамайды. Балаларын ел қатарынан кем қылмай өсірудің жолын көздейді. Қосымша жұмыспен айналысып, ауласына егін еккен. Бүгінде мұнда 120 түптен аса жеміс ағашы жайқала өсіп тұр.
Әкесінен мирасқа қалған жер бүгінде үлкен бауға айналған. Бақшада алма, алмұрт, өрік, шие тіпті жаңғақтың көшеттері де егілген.
Сегіз қырлы азаматтың еңбекқорлығы мұнымен шектелмейді. Қоғамдағы өзі сынды ерекше жандарға арнап монша жұмысын бастапты. Айтуынша, онда барлық жағдай жасалмақ. Десе де, нысанның әзірге тек төменгі қабаты ғана қаланған.
ДАСТАН ОРЫНБАСАРОВ, 1 - ТОП МҮГЕДЕГІ:
- Қалада қанша баня бар біреуінде пандус жоқ. Екіншіден есіктерінің барлығы тар. 50 см есіктер. Ал коляска кіру үшін 90 см.болу керек. 06/48/14 соның барлығын кең қылып еркін кіірп шығатын қылсам деп бизнес жоспарыма сызып қойғанмын.
Бұрынғы кенші бүгінде тепсе темір үзетін кей жандардың әрекеттеріне наразы. Қоғамда масыл азаматтардың бар екенін жасырмаған ол, еңбек етуге шақырады.
ДАСТАН ОРЫНБАСАРОВ, 1 - ТОП МҮГЕДЕГІ:
- Еңбек, еңбекті бәрін жеңбек деген қазақта сөз бар. Пейнет істеу керек. Адамды адам еткен деген де сөз бар. Сол сияқты адамды адам еткен еңбек пен пейнет қой. Қарап отырғаныңмен аузыңа ешкім жасап бермейді тамақ.
Дастан бұдан өзге қаладағы «мониторингтік» топқа мүше Онда олар шаһардағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындардың стандартқа сай екендігін анықтайды. Бұдан өзге, пандустардың жағдайын бақылайды.
️