Полиция 1 айлық рейдтік шараларды бастады

343
22.07.2022 06:24

Түркістанда жол ережесін өрескел бұзғандар азаяр емес. Кейбір жүргізушілер қауіпсіздің белдігінің өзін тақпайды. Облыстық полиция департаменті ұйымдастырған рейд кезінде осындай бірқатар ереже бұзғандар анықталды. Жүгенсіз жүргізушілерге тәртіп сақшылары айыппұл салып, ескерту берді. 

 «Қауіпсіз жол!». Дәл осындай атаумен Түркістан облысында рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шара бір айға созылады. Полицейлер жол ережесіне  бағынбағандармен күресуде. Басты мақсат қауіпсіздік дейді үйымдастырушылар. 

АЗАМАТ ТӨРЕБЕКОВ, ПОЛИЦИЯ ЛЕЙТЕНАНТЫ:

- Қазіргі құқық бұзушылықтар қауіпсіздік белбеуін тақпаған және күндізгі жарық шамын жақпауына байланысты көліктер тоқтатылып жатыр. Мәселен күндізгі жарық шамын жақпауына сәйкес 602 баптың 1-ші тармағы бойынша құқық бұзушылық жазылады яғни бірінші ескерту немесе айыппұл салынады. 

Облыс орталығында көптеген жүргізушілер қауіпсіздік белбеуін көбіне өз қауіпсіздігі үшін емес полицейлерден жасқанғаны үшін тағады екен. Бұған бүгінгі тексеру жұмыстары дәлел. Тоқтатылған онға жуық көліктің басым бөлігі осы қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатылды. 

АЗАМАТ ТӨРЕБЕКОВ, ПОЛИЦИЯ ЛЕЙТЕНАНТЫ:

- Құқық бұзушылық жасамаған яғни 1 жыл үшінде қайталамағаны үшін 7657 тг айыппұл салынады. Осындай құқық бұзушылықтар дәл қазір орын алып жатыр. Осы бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Ескерте кететіні көлік тізгіндегендер елей бермейтін жол ережесінің ең қарапайым түрі шамын жақпай жүргендер. Олар бірінші рет ескерту алғанымен екінші рет үш айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл арқалайды. Ал қауіпсіздік белбеуінсіз жүргендер ескертусіз бірден бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Аталған ережелер тағы да қайталанса жол жүру куәлігінен де айырылуы мүмкін.