Зираттан қару табылды

412
22.07.2022 06:15

Жамбылдық полицейлер зират аумағынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты. Жасырын қойма жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталған. Операция кезінде екі оқжатары бар «АКС-74У» автоматы, 9 мм калибрлі «МЕ-38 Marchal» травматикалық револьвері және 1 жарық шуылды граната сондай-ақ бірнеше оқ дәрілер тәркіленді. Сот баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Айта кетсек Жамбыл облысының полиция департаменті қару, оқ-дәрілер және арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Сонымен қатар анонимділікке кепілдік беріледі.