Доллар бағамы қандай?

275
21.07.2022 10:26

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 77 теңгеге өсіп, 482,04 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 21 шілдедегі ресми бағамы - 481,20 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 480,87 теңге, сату - 485,24 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 479,64 теңгеден сатып алынып, 483,77 теңгеден сатылып жатыр.