Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласы анықталды

283
21.07.2022 09:31

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласы анықталды. 

Дүниежүзілік бокс ұйымы GGG-ді WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесуге міндеттеді. Головкин мұны мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде орындауы керек.

Еске салайық, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған және екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Канелоның барлық титулы сарапқа салынады, ал Головкин үшін бұл оның жаңа салмақтағы дебюті болмақ.