Түркістан облысының таулы аймағында жоғалған туристердің заттары өзеннен табылды. Құтқарушылар екі саяхатшының жемпірін, аяқ қиім, ұйықтауға арналған қабын тауып алған. Төтенше жағдайлар министрлігі оларды полиция қызметкерлеріне табыстады. Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныған. Қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғасуда. Оған Түркістан облысы Төтенше жағдайлар министрлігімен полиция департаменттерінен, Өзбекстан Республикасынан 137 қызметкер, 17 бірлік техника, жұмылдырылған. Естеріңізге салсам, өткен айдың соңында тауға шығамын деп жоғалып кеткен жеті туристің үшеуі құтқарылған еді. Өкінішке орай екі адамның денесі өлі табылған болатын.
️