Шұбардың жолдары жөнделуде

417
21.07.2022 05:25

Ордабасы ауданында 57 елді мекен бар. Оның барлығы дерлік электр энергиясымен қамтылған.  Ал жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізуледі. Қазіргі таңда Шұбар ауылы Қазақстан көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды. 

Бұл Ордабасы ауданы Шұбар ауылындағы Қазақстан көшесі. Жалпы ұзындығы – 2,4 шақырым. Бүгінде мұнда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 132 миллион теңгені құрайды. 

ШАЛҚАР ДІЛДАБАЙ, ШҰБАР ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Биыл қыркүйекте бітіреміз деп жатыр. Осы бітсе Шұбар елді мекені жақсы көрікті рақмет фирма жұмысшыларына, аудан басшыларына осындай жұмысты жүргізіп жатқанына. 

Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджэеттен қаржы қарастырылған. Нақтырақ айтсақ, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында іске асырылуда.

ҚУАНЫШ ӘШІРБАЙҰЛЫ, ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

- Аудан бюджеті есебінен  7 көшеге электр жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме анықталып, қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аяқтау жұмыстары 2022 жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда. 

Жоба аясында аяқ жол салу, ирригациялық жүйелер мен жарықтандыру құралдары орнатылады. Сондай ақ, балалар ойын алаңшасын орнату ісі де жолға қойылған. Нысан осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек.