Қазақстан халқына қорының өкілдері Түркістанға келді

329
21.07.2022 05:20

Қазақстан халқына қоры Түркістандықтарға жақындай түсті.  Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған бұл ұйым, өңірдегі бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Олар, денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларында. Рухани астанаға арнайы ат басын бұрған Қор өкілдері тұрғындардың өтінішін тыңдап, көмектесуге дайын екендіктерін жеткізді.  Сондай-ақ облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы тарапынан сирек кездесетін ауруларға шалдыққан науқастардың мәселесі көтерілді. Қордың басқарма мүшесі Ләззат Шыңғысбаева  аталған мәселелерді шешуде  өңірлерде түрлі бюрократиялық проблемалардың бар екендігін айтты. Адамдарға тиімді ем-дом көрсету үшін осы фактормен күресу керек дейді ол.

НҰРХАНЫМ НАРЫМБЕТОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 3 науқасқа көмектесті. Одан бөлек, Түркістан облыстық ауруханасына алып берейін деп тұр. Шала туылған балаларда ретинопатия деген ауру болады. Соны емдеу үшін операция жасалады. Сол операция апаратурасына көмек көрсетеміз деп отыр.