Шымкент қаласындағы Дендросаябақта өрт шықты . Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Сала мамандарының айтуынша тілсіз жау тазартылмаған құрғақ шөптердің тұтануынан шыққан. Енді саябақты күтіп ұстауға тиіс саябақ қызметкерлері ҚР ӘҚтК-ның 410-бабы 2 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
НҰРЖІГІТ МЫҢБОЛ, №1 МӨСБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік пунктіне 2022 жылғы 19 шілдеде сағат 18:55-те Әл-Фараби ауданында орналасқан "Дендросаябақ" аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жетіп келген алғашқы өрт сөндіру бөлімдері саябақ аумағындағы құрғақ шөп жанып жатқандығын анықтады. Өрттің көлемі 0,25 га құрап, оны сөндіруге Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 19.25-те оқшауланып, сағат 19.31-де толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
️