Мектеп оқушыларының каникулы қысқаруы мүмкін. Тиісінше 2022-2023 жылғы оқу жылы 2 аптаға ұзарады. Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің осы бұйрығы ашық талқыға шығарылып отыр. Бастама бір күн ішіндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, күрделі тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Жазғы каникул күндерінің санын қысқарту - құқық бұзушылықтарды азайту, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеуі мен сырқаттану деңгейін төмендетуді көздейді
️