Түркістан облысында тәртіп сақшылары жарты жылда заңсыз айналымнан 500 келіге жуық есірткі затын тәркіледі. Нәтижесінде есірткіге тәуелді тұлғалардың саны 431-ден 364-ке төмендеді. Түркістан облыстық полиция департаменті есірткі және нашақорлыққа қарсы барлығы 60 профилактикалық іс-шара өткізіп, оған 38 000-нан астам оқушы мен студент жастар қатысты.
ӘДІЛЕТ ӘМЕТБЕКОВ, ТО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
- Жылдың 6 айында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 157 деректі анықталды. Оның ішінде есірткі контрабандасы-26, есірткі сату-25, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 11 жайт тіркелген. Ал заңсыз айналымнан 500 келіге жуық есірткі заттары тәркіленіп алынды.
️