Түркістан облысында 100 келі ақбалықты заңсыз аулағандар ұсталды. Аталған жайтты Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының инспекторлары мен су қорықшылары кезекті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізу кезінде анықтап отыр. Күдікті 2 азамат Арнасай шығанағының аймағында «гарпун» құралын пайдаланып, заңсыз балық аулаған.
ТАЛҒАТ ЖАППАРОВ, ТО ПД ЖПҚ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
- Хабарлама алысымен бірден оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғындардан айғақты зат ретінде 3 дана гарпун құралы, 2 дана суда жүзуге арналған киімдер жинағы мен 100 келіге тарта ақбалық балығын тәркілеп алды. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі “Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау" бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
️