Ордабасы ауданында көп кітап оқыған балаларға қозы берілуде

483
20.07.2022 11:23

Кітап оқып, мал жина. Ордабасы ауданында кітапты көп оқитын оқушыларға қозы беріліп жатыр. Балаларды білімге ерекше ынталандыру – ауыл әкімінің тың идеясы екен. Қозы үлестіріліп жатқан ауыл жайлы толығырақ тілші бейнематериалында.

Ерекше дарынды балалардаң бірі Әлихан Шекербек. 6-сынып оқушысы «Алтын сандық» кітабын 1 сағаттың көлемінде оқып шығып, қозыға ие болған. Сыйлыққа қозы бергеніне таң қалған ол, тоқтап қалмай тағы да кітап оқимын дейді.

Маусым айында Әлиханнан бөлек тағы  екі бала үйіне қозы жетектеп қайтқан. Барлығы да 6-сынып оқушылары. Енді бұл шара тамыз айында да жалғасып, жүлде қоры 5 қозыға көбеймек. Ал, жазғы демалыс уақытында оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған ігі іске ауыл азаматтары демеушілік жасапты. 

Алдағы уақытта жеңімпаздарды анықтау үшін жаңа ереже бекітіліп отыр екен. Яғни, кітапханашылар кітаптың кез келген бетін ашып, алғашқы сөйлемін оқиды. Оқушы ары қарай өз түсінігімен оқыған кітабын ауызша айтып беруі тиіс. Сонымен қатар жеңімпаз оқыған кітап санына қарай да анықталады.