Өңірде алаяқтық фактілері жиіледі

601
20.07.2022 11:05

Түркістан Облысында алаяқтық тыйылмай тұр. Әсіресе интернет арқылы біреудің атынан несие рәсімдеп, банк шотына қол сұғатындар жиілеп кеткен. Мәселен жыл басталғалы осындай 225 тен аса факт тіркелген. Ал, тәртіп сақшылары тұрғындарды аса сақ болуға шақырады. Смартфон арқылы алаяқтық жасайтындардан қалай құтылуға болады? Мұның алдын-алу үшін қандай әрекеттер жасау керек. 

Түркістандық әлеуметтік желі белсендісі Ақмарал Ғаниқызы интернет алаяқтардың құрығына бірнеше рет түсе жаздаған. Ең алғаш банк картасынан бір түнде төрт рет ақша алуға тырысқан. Бірақ карта уақытша блокта тұрғандықтан, бұл әрекеттері іске аспады. Өйткені кейіпкеріміз картаны бұғаттап үлгерген. Ал соңғы рет әлемжеліге әккілер бойжеткеннің суретін қойып, жалпы жұртшылықтан біршама қаржы жинаған. 

Ал полиция қызметкерлерінің сөзінше бүгінде интернет-алаяқтардың арбау тәсілі түрленген. Мәселен олар Банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде қоңырау шалып, жеке мәлемет сұрайды. Немесе ірі компанияларға ивистиция салуды ұсынады. Тіпті ҚасымЖомарт Тоқаев мырзаның суретін қойып , ақшаны бірнеше рет еселеп алатын жарнамаларда кездеседі. 

Сондай-ақ Түркістан қаласының прокуратура қызметкерлері, шаһар ауқымын кеңейткен сайын алаяқтықтың түрі көбейіп келеді-деп дабыл қағуда. Азаматарға жеке басына қатысты мәлімет жарияламауға кеңес береді. 

Статистиканы сөйлетсек 6 ай ішінде Қазақстанда 10 мыңға жуық интернет-алаяқтық жасалған. Соның ішінде ең көп таралғаны - онлайн-сауда.  Егер алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыздар 102 нөмеріне хабарласуды ескертеді.