Түркістанда жақында ғана бой көтерген теннис орталығында «ашық есік күні» өтті. Онда шеберлік сағаты болып, жаттықтырушылар тенниске қызығушылығы бар балаларды іріктеп, орталыққа қабылдады.
Республикамыздағы таңдаулы спорт нысандарының біріне айналған теннис орталығының жалпы жер ауданы – 2,5 га болса, ғимарттың көлемі – 5006 шаршы метрді құрайды. Бүгін аталған орталыққа іріктеуден өткен 35 үміткер қабылданды.
Сондай-ақ, облыс болған соңғы 2 жылда 80-ге жуық бала 5 жастан 10 жасқа дейінгі бағдарлама бойынша жұмыс істеген. Бірақ арнайы теннис орталығы болмағандықтан жазда шағын алаңшаларда ,ал қыста мектептің спорт залдарында жаттығып келіпті.
Айта кетейік, осыған дейін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев теннис орталықтың техникалық ашылуында болып, еліміздің жасөспірімдер арасындағы үздік ракеткасы Заңғар Нұрланұлы жас спротшыларға шеберлік сағатын өткізген еді.
️