Түркістан облысында қойшы өзіне сеніп тапсырылған малды 16 миллион теңгеге сатып жіберген. Оқиға Ордабасы ауданында болған. Тәртіп сақшылары күдікті ретінде қойшыны ұстады. Ол Арыс ауданының тұрғыны. Белгілі болғандай, күдікті 2021 жылдан бері 230-дан астам ұсақ малды 4-5-тен сатып, ақшасын жаратып отырған. Қазіргі кезде қойшы қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
️