Шымкент қаласында ауыр жүк көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтай алмай 7 автокөлікті соғып өткен. Абырой болғанда қаза болғандар жоқ. Екі адам жеңіл жарақат алған. Апат салдарынан жолда кептеліс болып, қозғалыс қиындады. Хова көлігінің ауыр соққысынан алдыңғы машиналардың біраз жері бүлінген. Сондай-ақ газель автокөлігіндегі 4 тонна қарбыз шашылып, көкөністің барлығы езіліп қалған. Әзірге белгілі болғаны жүк көлігінің тежегіші жұмыс істемей қалған. Енді жүргізуші адамдардың денсаулығына зиян келтіргені үшін, жазаға тартылады.
️