Туған жерін түлетіп жүрген азаматтар бар

152
07.06.2021 22:43

Түркістан облысы, Төле би ауданына қарасты Ағайдар ауылы азаматтары көпке үлгі. Олар мемлекетке қол жаймай, өз қаражаттарына ауылға кіреберіс жерге қақпа тұрғызған. Ауылды бойлай  түнгі жарықшамдар қойған. Енді тіпті балалардың болашағы үшін деп стадион салып жатыр екен. Сондай-ақ ауыл шетіндегі биік шоқыда Наурыз мейрамын тойлауға арналған төбенің де құрылысы жүргізілуде. Осының бәрі – ауыл азаматтарының еңбегі. Мұндай ой былтыр елді пандемия жайлаған уақытта туындаса керек. Барлық шет жақта жүрген азаматтар ауылына оралып, туған жерін түлетуге ден қойған. Мұны көрген көрші ауыл тұрғындары да бастаманы жалғастыруды көздеп отыр.