Өрттен туды алып шыққан сайрамдық жігіт елді сүйсіндірді

363
19.07.2022 08:56

Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны түтін ішінен мемлекеттік туды алып шығып, елді сүйсінтті. Оның әрекетін жерлестері видеоға түсіріп алған. Бейнежазбадан аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында істейтін азаматтың ғимарттың шатырынан шыққан қою түтіннің арасына қорықпай кіріп, жоғарыда ілулі тұрған мемлекеттік рәмізді алғанын көруге болады. Кейіннен көк жалауды төмендегі адамдарға ұстатқан. Өртті сөндіруге 8 өрт сөндіру көлігі мен 34 жеке құрам жұмылдырылған. Айта кетейік, оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.