"Олимп" букмекерлік кеңсесі басшылығының мүлкі тәркіленуде. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия қазір «Олимп» букмекерлік кеңсесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аясында тәркіленген 5,5 млн АҚШ доллары мен 200 мың еуроны Ұлттық банкке аудару процедурасы жүріп жатқанын мәлімдеді. Одан бөлек осы іс бойынша мемлекет пайдасына 3,6 млрд теңге тәркіленді. Атап айтқанда, 4 ұшақ, 5 жер учаскесі, 15 автокөлік, Алматы қаласында 30 жылжымайтын мүлік қорға қайтарылған.
️