Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы құрылғаннан бері кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша 1118 өтініш түскен. Оларды талдау барысында, өңір бизнесмендерінің негізгі проблемалары – жер, салық, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығы мен субсидия алу, мемлекеттік органдардың әрекеті/әрекетсіздігіне қатысты екенін анықталған. Аталған жұмысты жандандыру мақсатында кәсіпкерлер палатасы прокуратурамен бірлесіп, әкімшілік кедергілерді жою жұмыстарын жалғастыруда.
НҰРСҰЛТАН КАРИМБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ ТӨМЕНДЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Аталған кездесу түркістан қаласы прокуратурасының қатысуымен болды.іс-шара барысында жер қатынастары саласындағы,сәулет құрылыс саласындағы,жер кадастр саласындағы,біраз түйіткіл мәселелер көтерілді. Алдағы уақытта жиынның нәтижесі бойынша палата осы көтерілген сұрақтар бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлеп, орталық органдарға тиісті заң нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс жолданатын болады.
Жоғарыда аталған мыңнан астам кәсіпкер арызының бүгінде 664-і оң шешімін тапқан. Тиісінше бизнес өкілдерінің 12 млрд. теңгеге жуық мүліктік құқығы қорғалған. Егерде қандай да бір кәсіпкеркер кедергілерге жолықса, қазірде кәсіпкерлер палатасына немесе прокуратураға шағымдануға мүмкіндігі бар.
МАҚСАТ ЖҮСІПБАЙ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
- Түркістан қаласының прокуратурасы әрдайым кәсіпкерлерді қолдау мақсатанда осындай жиындарды атамекен палатасымен бірге жүйелі түрде өткізіп тұрады.кәсіпкерлер туындаған сұрақтары бойынша түркістан қаласы прокуратурасына жүгінуге болады
️