Түркістан облысы Төлеби ауданында сүт өнімдерін өңдеу ісі жолға қойлыған. Сондай фермалардың бірі – Бірінші мамыр ауылдық округінде орналасқан. Аталған шаруа қожалығы сүтті сиырларды таулы Алтай өңірінен сатып әкелген. Өзге өлкенің ірі қарасы біздің облысқа қалай жерсінген? Тиімділігі неде?
Төлеби ауданында орналасқан Шаруа қожалығында қазірде 200-ге жуық сауынды сиыр бар. Сүт беріп жатқаны 100-ге жуықтайды. Кәсіпорын күніне 1,5 тонна сүт өндіреді. Алайда қазір жайылымның тапшылығынан сауынды сиырлардың сүт беру мөлшері 20 литрге дейін төмендеп кетіпті.
ХАСЕН ХУСНИДДИН, БАҚТАШЫ:
- Осы фермада жұмыс істеймін. Қазір малға қарау оңай болмай қалды. Жайылым жер жоқ. Қорадан сыртқа шықпайды. Күні –түні мал қорада. Кешке таман қораға кіргіземіз. Одан соң далаға шығарамыз. Азанғы таңғы бесте байлаймыз.
Тағы бір түйінді түйткіл – өткен жылы болған қуаңшылықтың зардабын Меразиз Мерсидианов та тартыпты. Кесірінен аса қымбат тұратын асыл тұқымды 50 бас сиыр арам өлген.
МЕРАЗИЗ МЕРСИДИНОВ, « БОЛАШАҚ НҰРЫ» АӨК ТӨРАҒАСЫ:
- Былтыр жем-шөп болмағаннан соң бүйерде ұстағанын ұстадық, қалғанын Арысқа апардық. Арысқа барғаннан соң бөгелек, бұл жердің малы ыстыққа шыдамады. Бөгелек шаққаннан соң бірінен бірі ауыра берді. Одан кейін мұнда алып келдік. Ресейден бәрі буаз келген. Сол бұзаулар 350 келі таза салмағымен өлгені сонда, қалғаны осында өлді. Кекіре жантақ. Жантақ қара малға болмайды ғой. Жейді аузы көпіріп тұрады.
ХАСЕН ХУСНИДДИН, БАҚТАШЫ:
- Құрғақ шөп береміз. Сүттен түскен пайдаға кебек аламыз. Жем аламыз. Амалдап күн көріп жатырмыз енді не істейміз? 27:22. Қазір шөп мәселесі қиын боп қалды. Өзіміздің шөбіміз жоқ. Шөптің бәрін бастық Арыстан әкеп жатыр. Сол жақтан әкеп жинап беріп жатырмыз.
Ал, шаруа биыл шөптің бітік шыққанын айтады. Өткен жылдан сабақ алған кәсіпкер Арыс қаласы Ақдала елді-мекенінен 300 гектар жайылым және шөп егетін егістік жер сатып алған. Нәтижесінде жыл басынан бері 27 мың пресс мал азығын жиып үлгерген.
️