Енді мас күйінде көлік жүргізіп, адамды жазым еткендер 10 жылға сотталып, жүргізуші куәлігінен біржола айрылады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асқар Тәженов мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, бұрын көлікті мас күйінде жүргізген адам 3 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылса, енді бұл мерзім 7 жылға дейін ұзарды. Алайда Асқар Тәженов жазаның бар екеніне қарамастан ішімдікке сылқия тойып алып, көлік тізгіндейтіндер әлі көп екенін айтады. Мәселен, өткен демалыс күні Алматыда жүргізуші жолда такси күтіп тұрған үш адамды қағып кетті. Кейіннен сақшылар оның ішімдік ішіп алғанын анықтаған.
️