Қанттың бағасы, инфляция, жұмыссыздық, білім берудегі түйіткілдер, қазақ үшін киелі киіктерді ату. Мұның барлығы да соңғы уақытта көпшілікті мазалап жүрген сауалдар. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлерге аталған мәселелерді шұғыл шешуді тапсырды. Ел мемлдекет басшысының тың идеялары мен бастамаларын қолдап отыр.
ЖАНАР ТЕМІРБЕКОВА, Қ.А.ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ РЕКТОРЫ:
- Мемлекет басшысының қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтіоген отырысында өзекті мәселелер көтерілді. Осы ретте жастарды жұмыспен қамту , жаңа жұмыс орындарын ашуды да тілге тиек етті. Біздің білім ордамызда да осы мақсатта айтулы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
ЕРКЕБҰЛАН ҚАРАҚҰЛОВ, ҚМДБ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАС ИМАМ:
- Бүгінгі таңда көтерілген мәселелер өте өзекті. Адам табысы мен адами капиталға баса назар аударғанын байқадым. Мемлекет басшысы жаңа жұмыс орындарын ашу мен инфрақұрылымдарды дамытуды міндеттеді.Сондықтан санға қарағанда сапаға мән беру керектігін көздеді.
ТЕЛЬМАН БЕЙСЕН, "TURKISTAN MEDIA HOLDING" ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
- Мемлекет басшысының экономикаға байланысты айтылған сөздері мен тың идеяларын мен қолдаймын. Себебі , көршілес жатқан мемлекеттердегі өзгеріс бізге де өз әсерін тигізуде. Қатаң тәртіп пен жүйелі жоспардың арқасында жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамын.
️