Доллар 480 болды

277
15.07.2022 10:10

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан көтерілді, - деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE).

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,85 теңгеге көтеріліп, 480,37 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 15 шілдедегі ресми бағамы - 478,39 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 477,95 теңге, сату - 482,67 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,72 теңгеден сатып алынып, 480,87 теңгеден сатылып жатыр.