Арыс қаласында тарихи ескерткіштер табылды

923
15.07.2022 06:17

Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылында Сақ дәуірінен қалған Шыңырау құдықтар табылды. Нақты саны әзірге бесеу. Арақашықтықтары 1,5 шақырымды құрайды. Құдықтардың тереңдігі 20-40 метрге дейін жетеді. Бұл археологиялық табыс Арыс қаласының болашақта ірі туристік орталық болуына жол ашады дейді тарихшы-археологтар.

Сақ дәуіріне тиесілі шыңырауларды жергілікті малшылар байқапты. Құдық іші тастармен өріліп, беті үлкен тас плитамен жабылған. Сондай-ақ айналасынан жебе ұштары, ескі тиындар мен әшекейлер де табылған.  

Тағы да тас дәуірінен сыр шертетін үңгірлер де табылған. Тарихи ескерткіштер Дастарбасы, Айғырұшқан, Керегетас жоталарында кездеседі . Дастарбасыда үлкенді кішілі 30- жуық үңгір бар, кейбіріне  отар қой сиып кетсе , ендігісі шағын бір жанұя тұратындай көлемде. Үңгірлердің алды жалпақ етіп арнайы тегістелген, төбе жақтары тас қоршаумен өрілген.  

Археологтар Өзіндік қайталанбас бай көне тарихи мұралары бар Арыс өңірінің ескерткіштерін әлемге танытуда әліде біршама жұмыстар жаслынуы керек дейді.  Тарихи және табиғи ескерткіштердің қорғап күтіудің барлық шартарын жасайтын болсақ, Арыс өңірі  төтенше құбылыстарды жақсы көретіндердің , тарихи және табиғи туризм мен айналысатындардың сүйікті орнына айналуы бек мүмкін. Тарихшы ғалымдар осындай пікірде.