Мұғалім тапшылығын шешуге бағытталған жоба жалғасуда

891
15.07.2022 05:57

Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге педагогтерді тарту бағдарламасына қатысу үшін құжат қабылдау басталды. Байқауға қатысуға өтініштер 21 шілдеге дейін қабылданады. Түркістан облысы бойынша конкурстың  1 кезеңіне 84 үміткер қатысуда. Еске салсақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын.  

Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстары. Бұл аймақтарға математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет. Себебі, халықаралық PISA 2018 зерттеуінің және Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері басқа облыстармен салыстырғанда аталған аймақ оқушыларының білімінде алшақтық барын көрсетіп отыр. Осы өңірлердің білім сапасын арттыру және педагог тапшылығы мәселесін шешу үшін үздік мұғалімдерді тарту мақсатында арнайы бағдарлама әзірленді.

АНАФИЯ КАДЫРБЕКОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 

- Қазіргі таңда Түркістан облысының ауылды жердегі білім беру ұйымдарына 240 педагогтерге қажеттілік байқалуда. Атап айтсақ, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғаліміне 54, математика 30, ағылшын тілі 

Педагогтер конкурс арқылы іріктеледі. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектерi қатыса алады. Педагогтерге конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан қатысуына болады. Бос жұмыс орындарына орналасу үшін үміткерлер компьютерлік тестілеуді сәтті тапсырып, эссе жазып, әңгімелесуден өтуі керек.

АНАФИЯ КАДЫРБЕКОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 

- Үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені бар. Атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері бар, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығын өтеу қарастырылған.

Білікті кадрларды аймақтарға тартуын тартамыз ау. Алайда кейінгі  уақытта ұстаз деген ұлағатты ұғымның қадіріне жетпейтіндер көбейді. Мәселен жыл басынан бері Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне әлеуметтік желілер мен е-Өтініш порталы арқылы педагог мәртебесіне қатысты 4 шағым келіп түскен.

ҒАЛЫМЖАН АЛМАТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Департаментке Арыз иелері педагогтерден өткізілген сабақтар бойынша есептер беруді, мерзімдік басылымдарға жазылуды, мектепті жөндеу жұмыстарына қаражат жинауды талап етілгені және кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартылғандары туралы шағымданған.

Айта кетсек, облыста барлығы 2593 білім беру мекемесі бар. Оның 1405 балабақша, 959 мектеп, 55 колледж, 13 мамандандырылған білім беру ұйымы болса, 9 арнайы білім беру ұйымы. Одан бөлек  5 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы, 123 қосымша білім беру ұйымдары иен 24 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемелері бар.