Израильде жасөспірімдерге екпе салына бастады

138
07.06.2021 22:36

Израильде жасы 12-ден асқан балаларға короновирусқа қарсы екпе егу басталды. Елде вакцинаның екі дозасын халықтың 55% қабылдаған. Сол себепті, мұнда карантиндік қатаң шектеу шаралары алынып тасталған.Әрі вирус жұқтыру қаупі де азайды. Сондықтан екпе алғандарға  қоғамдық орындарға кіруге рұқсат етілетін сертификаттар беріле бастады. Денсаулық сақтау министрлігі пандемия басталғаннан бері 839 мыңнан астам ковид жұқтырғанын оның ішінде 6417-і қайтыс болғанын мәлімдеді