Түркістанда үшем дүниеге келді

636
14.07.2022 09:58

Түркістанда Рабия, Разия, Раяна атты үшем дүниеге келді. 1 ай бұрын туған нәрестелер 30 күн бойы дәрігерлердің қарауында болып, бүгін үйіне шығарылды. 

Бұл жыл басынан бері қалада дүние есігін ашқан екінші үшем. 3 ұлдан кейін қызды болуды армандаған Тинебековтер отбасы бірден 3 қызғалдақпен толықты. Ойда жоқта көп балалы атанған ата-анаға үлкендер ақ батасын беріп, қала әкімінің орынбасары арнайы сый-сияпаттарын табыстады. 

ЕРЛАН КҮЗЕМБАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биылғы жылы екінші үшеміміз. Осы құтты перзентханадан шығарғалы отырмыз. Өзіміздің алғасымызды айтып...біріншіден осы перзентхананың ұжымына рақмет айтамыз.үшем болғаннан кейін,1 ай бұрын жағдайын сұрап келіп, міне қазір баптап-күтіп үйлеріне швғарғалы отыр.ұжымға жемісті жұмыс, табыс тілейміз. Мына отбасы демографиямызға үлкен атсалысып отыр.балалардың өмір жасы ұзақ болсын. Ата-анасы жақсы тәрбие беріп, қатарға қоса берсін.

Үшемдердің үлкеніне Рабия, екіншісіне Разия, ал, кенжесіне Раяна деген есім берілген.салмағы 1 келі 500,400,300 грамм болып туылған сәбилер 31 аптадан асқанда кесір тілігі арқылы дүнеге келген. 

ҚЫМБАТ МЫРЗАДАЙЫР, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

- Ең алғашқы баламды 20 жасымда босандым. Қазір жасы 7-де. Үіде 3 ұлым бар.екіншісі 5 жаста кішкентайы 2 жаста.3 қызымды енді босандым. 3 қыз болғанына өте қуаныштымын.Узи 3 қыз дегенде қуандым.Бақыттымын қазір 6 бала-шағам Бар.

Айта кетейік, Түркістан қаласында жыл басынан бері 3740 нәресте өмір есігін ашқан. Олардың 32-сі егіз болса 6 сәби үшем болып туған.