Іздеуде жүрген Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов ұсталды. Ол Ресеймен шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде құрықталған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Еске салсақ, Кәрім Мәсімовтың інісіне аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын. Ол туралы қандай да бір ақпарат берген адамға 12 млн теңге сыйақы да беріледі деп хабарланған.
️