Түркістанда қайыршыларға рейд өтті

293
14.07.2022 09:33

Түркістандық тәртіп сақшылары белгіленбеген орындарда сауда жасау, қайыршылықпен айналысу сынды заңсыздықтарды анықтау мақсатында арнайы рейд жүргізді. Кезекті профилактикалық іс-шара барысында қайыр сұрап жүрген 3 тұрғынға хаттама толтырылды. Айта кетсек, өткен жылдың 6 айында бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсеткені үшін 214 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал 2022 жылдың жарты жылында дәл осындай құқық бұзушылықтарды жасаған 371 тұрғын анықталды.  Айта кетсек, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабында елімізде қайыршылық жасауға тыйым салынғаны айтылған.             

МҰХТАР ЕРМАНОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Бүгінгі күннің өзінде ескерту берілгеніне қарамастан қайыр сұрап жүрген 3 тұрғынға хаттама толтырылды. Аталған құқық бұзушы 2 әйел, 1 ер адам Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Осы тұста тұрғындарға ескертеміз, кез келген заңсыздық үшін заң аясында жауапкершілік қаралған. Сондықтан теріс әрекеттерге бармаңыздар.