Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 30 жыл

429
14.07.2022 09:17

Биыл ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл! Бұл сала бүгінде Отанға қалтқысыз қызмет ететін, жұмысқа деген жауапкершілігі мол, қайсарлығы мен өжеттігі басым кәсіби шыныққан кадрлармен толыққан. Мемлекетіміздің мызғымас тыныштығын күзеткен мамандар айтулы мерекені атап өтті.  Шара барысында департаменттің 10 қызметкері мен 7 ардагері «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 30 жыл» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, дәл осы мерекелік медаль Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке, облыстық  мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековке берілді. 

АСҚАР АЛДАШОВ, ҚР ҰҚК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АРДАГЕРІ:

- Кезінде біздер істеген кезімізде мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен ұлттық қауіпсіздік комитетіне егемендік тәуелсіздік алғаннан кейінгі сол 92 жылдың 13-шілдесі күні аты осылай ұлттық қауіпсіздік комитеті болып өзгертілді. Содан бергі бұл жерде іс-шаралар өте ауқымды,өте көп деп айта аламын. Мына Қазақстанның аз ғана ел деп өзге елдерге қарағанда салыстырмалы түрде айтамыз ғой, аз ғана 19 млн-нан енді ғана асып жатқан жағдайымыз бар. осынша үлкен Алтайдан Еділге дейін деп оңтүстікті солтүстікті бәрін салыстырмалы түрде айтып жатамыз ғой, сол осы аумақта тәуелміздігімізді ұстап тұрудың өзі сонша аз ғана айтқан халықпен бұл ұлттық қауіпсіздігіміздің еңбегі орасан зор деп айта аламын.