Ақ халатты абзал жандардың жұмысы қаншалықты ауыр?

317
13.07.2022 07:02

Жедел жәрдемді кез-келген адам шақырады. Күнделікті адам өмірі үшін ажалмен арпалысатын ақ халатты абзал жандардың жұмысы қаншалықты ауыр? Тынымсыз еңбек адамдарының бір күні қалай өтеді? 

Басыңыз ауырып балтырыңыз сыздаса. Оқыс жағдайға тап бола қалсаңыз 103 нөмерін тересіз. Ал сізге көлігінің дабылын қосып жүйіткіп аққалатты абзал жандар көмекке келеді. Онымен қоса дамылсыз еңбек адамдарымен  бірге жұмыс артқаратын жан диспетчер. Ол сізден түскен қоңырауды қабылдап, қажетті бригадаға хабарлама жібереді. 

ВЕНЕРА БЕКСЕЙЕТОВА, ОПЕРАТИВТІ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бізде шақыртулардың барлығы  жедел бола бермейді. Оларға кеңес беріп, кеңес  картасын толтырып қояды. Сонымен қатар, шақыртуы жеделдігіне қарай кезек күттірмейтін шақыртуларды уақытылы жіберіп, телефон тұтқасын қоймай, бекетте тұрған бригадалар жеткенге дейін көмекті қалай көрсету қажет. Сол жағында айтып, сол жағында айтып: өміріне тікелей төніп тұрған төніп тұрған қауіптерді уақытылы жоюға тырысуда.

Түркістан облысы бойынша 17 бекеттің қосымша 5 бөлімшесі бар. Онда түсетін  шақыртулар саны  орта есеппен тәулігіне 2500 қоңырау. Айта кетейік, станцияға  түскен қоңырауларға жауап беруі үшін 24 сағат бойы 13 қызметкер жұмыс артқарады. Онымен қоса 7 эвакуатор жұмыс жасайды. Эвакуатор дегеніміз шақыртуды бағыттайтын қызметкерлер. Әне-міне дегенше қоңырауда келіп түсті. 

Түскен қоңырауды  « көмек бағдарламасы» бойынша толтырып,кезекті бригадағада тапсырады. Ақпарат планшетке келіп түсті. Қабылданған шақырту  жеделдік санат арқылы іске асады.

МАҒЖАН НАЗАРОВ, ДӘРІГЕР:

- Категория үшінші санатпен берілді. Отыз минут көлемінде жетуіміз қажет. Бізде әр шақыртуда кемінде бір-екі науқасқа сапалы көмек көрсетіп, оның әріқарай өмір сүруіне жәрдем берген кездер үнемі болып тұратын кездер,яғни, ол шақыртулардың ішінде жүрек ұстамасы инсульт, инфарктар болады  

Жедел жәрдем үшінші санаттағы науқасқа небәрі 10 минутта жетті. Қуырылған тағамдарды жеп асқазанына ауырлық түсірген сырқат жанға дер кезінде көмек көрсетілді. Арнайы екпе салынып, созылмалы панкреатит  диагноз қойылды.