Түркістандық оқушылар зымыран ұшырып жатыр. Тыңнан түрен салған өрендер Қазақстанда ашылған алғашқы «CPACE CAMP» лагерінің түлектері. Еліміздегі бірегей білім беретін орында тәлім алуға Түркістан облысындағы 140 баланың 40-ы арнайы іріктелініпті.
«CPACE CAMP» лагерінде 12 мен 17 жас аралығындағы оқушылар білім алды. Олардың робототехника, машина құрастыру және дизайн бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттыуға мүмкіндігі бар. Небәрі бір аптаның ішінде өрендер осы ауыр ғылымдардың негізгі бағыттарын меңгерген. Мәселен, лагерь тәрбиеленушісі Ақтілек Қалдыбек 7 күннің ішінде ракета құрастыруды үйренген. Енді, өз бетімен сынақ жасай алады.
Лагерь менторлары АҚШ, Германия, Финляндия және Гонконгтегі белді Жоғарғы Оқу Орындарының студенттері. Осы жобаның жетекшісі Данияр Жарқынұлының айтуынша, қолдау болса, алдағы жылдарда да, балаларды оқытуды жалғастырмақ екен.
ДАНИЯР ЖАРҚЫНҰЛЫ, «CPACE CAMP» ЛАГЕРІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:
- Бұл лагерьді Орталық Азиядағы «U steam robotich» және әлемде кеңінен танылып келе жатқан сандық технологиялар жасайтын «espam» компаниясы ұйымдастырды. Бұл жерде Назарбаев зияткерлік мектебінің емес, орта білім беретін мектептердің оқушылары басым болды. Сондықтан, балалардың нәтижелері бізді таң қалдырды. Оның үстіне бұндай лагерьде оқыту осыған дейін тек Алматы қаласында өткізілді.
Лагерь ұйымдастырушыларының айтуынша түркістандық оқушылар өте жақсы нәтиже көрсеткен. Оның үстіне, осы бір аптада балалар бизнес жоспар жасап қана қоймай, компаниялардың логотиптерін де жасап үйреніпті. Тіпті бірнеше тапсырысты да орындаған.
️