Кегенде селден зардап шеккендер көмек ала алмай отыр

282
12.07.2022 09:28

Алматы облысы Кеген ауданы Түменбай ауылында нөсер жаңбырдың салдарынан үйін су басып қалған тұрғындар биліктен көмек ала алмай отыр. Тұрғындардың айтуынша, жыл сайын қайталанатын апаттың алдын алуға жергілікті билік құлықсыз. Шығынды комиссия мен әкімнің өзі келіп есептеп кетсе де, көмектесуге асықпайтын көрінеді. Мардымды көмек ала алмай ашынғандар Кеген ауданы әкімдігін сотқа беретінін айтады. Еске сала кетейік, осыдан үш апта бұрын аталмыш ауданда жауған нөсер жауын селге ұласқан. Салдарынан 1 үйдің іші мен 11 үйдің ауласын су басып, 7 миллион 800 мың теңге шығын келген.