Қостанай әуежайын су басты

412
12.07.2022 09:08

Жақында ғана жөндеуден өткен Қостанай әуежайын су басты. Куәгерлердің сөзінше, шатырдан аққан су бірінші қабаттағы күту алаңын басып қалған. Қыруар қаржы бөлінген жұмыстың сапасыз жүргізілгені тұрғындарды қынжылтады. Ал әуежай басшылығы жаңбыр қатты жауғандықтан, суағарлар суды өткізіп үлгермегенін алға тартады.