Супермаркетті тонаған азамат ұсталды

621
12.07.2022 06:55

Сатушының жоқтығын көріп қалған 17 жасар елордалық тұрғын супермаркет сөрелерін үптеп кетіпті. Тергеу барысында жас жігіттің жөргектің екі қаптамасын,  «Қазақстан» шоколадының жүз данасын және «Марс» батончиктерін ұрлап үлгергені белгілі болды.  Ал келтірілген шығын шамамен 60 мың теңге. Қазіргі таңда күдікті толығымен өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.